Жарияланған күні: 14.03.2022 17:25
Өзгертілген күні: 14.03.2022 17:26

Жаңа Әдеп кодексіне қандай өзгерістер енгізілді

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жаза қолдану және қызметтік этика мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.

Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп нормаларын белгілеп, мемлекеттік қызметшілерде адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға негіз болады.

Кодексте «Мемлекеттік қызметтің этикалық қағидаттары» атты жаңа тарау пайда болды, онда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы алты қағидатқа негізделеді деп бекітілген.

Олар – адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарланушылық.

Әдеп кодексінің жаңа редакциясы «клиентке бағдарланған» мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ашықтық қағидаттарын ұстану бойынша басым талаптарды көздейді. Мемлекеттік қызметшілер халықтың сұранысын толығымен басшылыққа алып, мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықпен жұмыс істеуге және өз іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуге дайын болуы керек.

Кодексте сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық органдары қызметтік этика нормаларын бұзудың алдын алуды үйлестіретін органдар ретінде айқындалған.

Осы мақсатта әдеп жөніндегі уәкілдердің, комиссиялардың және әдеп жөніндегі кеңестердің құқық бұзушылықтың алдын алу және алдын алу жұмыстары белсендірілетін болады.

 

Алматы облысы бойынша МКД

Әдеп жөніндегі уәкілі

Н. А. Баймулдинов