Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу рәсімін автоматтандыру туралы
Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын адамдардың назарына.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады.
2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде «уәкілетті экономикалық операторлар» мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу басталады. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйеде өзін-өзі тіркеу жөніндегі нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған http://eokno.gov.kz ("Онлайн оқыту" бөлімі). Кедендік тексеруді жүргізу күні туралы, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хабарламаларды жіберу үшін өзін-өзі тіркеу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірін және электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.
Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.
Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша Алматы облысы бойынша МКД КӘБ қызметкерлерінің телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
Мұсабеков Мұхит Кенжебайұлы 8 747 137 02 27, 8(7282) 601 129
Меримбаев Нұрқанат Маратұлы 8 701 236 33 03, 8(7282) 601 129
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлердің байланыс деректері 8 (7172) 71-70-70, zh.sekenov@kgd.gov.kz.