
Туберкулезді алдын алу айлығы
Туберкулездің алдына алу бойынша елімізде өткізіліп жатқан айлық шенберінде 2 наурыз күні Алматы облысы МКД ұжымымен Талдықорған қалалық емханасының дәрігерлері кездесу өткізді. Профилактикалық тексеруден уақытылы өту әрбір азаматтың өз денсаулығын сақтау және нығайту жауапкершілігін арттыру туралы, қалалық емхананың СӨС кабинетінің дәрігері Ғалия Түсіпова әңгімеледі.
Сонымен қатар туберкулезге қарсы флюорографиялық тексерілудің міңдетті түрде жүргізуге қажеттігі туралы еске салды.
Семинар барысында барлығымызға туберкулездің маңызды белгілері туралы слайдтар, бейне роликтер көрсетілді.