
Транзиттік декларация
Транзиттік декларация негізгі және қосымша парақтардан тұрады. Егер бір ТД-да екі және одан да көп тауарлар көрсетілсе, негізгі параққа қосымша парақтар пайдаланылады.
Бір ТД-да бір партиядағы тауарлар туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін. Бұл ретте бір жөнелтушіден бір жүк алушының мекен-жайына тасымалданатын жүктер бір тасымалдау құжаты арқылы бір партия ретінде қарастырылады.
ТД баспа құрылғыларын пайдалана отырып, А4 форматты парақтарда екі дана толтырылады. Шетелдік тұлғалардың тегі мен мекен-жайын латын әріптерімен көрсетуге рұқсат етіледі. ТД анық толтырылуы және тазартулар болмауы тиіс.ТД-ға өзгерістер мен толықтырулар баспа құрылғысын пайдалана отырып немесе әріптермен қолмен жүргізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтыруларды ТД-ның әрбір парағына, оларды енгізген адам куәландырады және кеден органы қызметкерінің жеке нөмірінің мөрі мен қол қоюы арқылы расталады. Егер ТД-да үштен артық өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, кеден органы жаңа ТД толтыруды талап етуі мүмкін.
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде:
а) толтырылған ТД парағының бірінші данасы жөнелтудің кеден органдарында қалады және бақылау мақсатында пайдаланылады;
б) толтырылған ТД парағының екінші данасы декларантқа қайтарылады және оны тасымалдаушы межелі кеден органына ұсынуы үшін кедендік транзит мақсатында пайдаланады.