
Тауарлардың кедендік құнын анықтау
Тауарлардың кедендік құнын анықтау 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (1994 жылғы ТСБК) VII бабында және 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімде белгіленген жалпы қағидаттар мен қағидаларға және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу» Кодексінің 6 тарауына негізделеді.
Тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға қатысты мәліметтер анық, саны жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуге тиіс.
Тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімдері жалпыға бірдей қолданылатын болуға, яғни тауарлардың берілу көздеріне, оның ішінде тауарлардың шығарылған жеріне, тауарлардың түріне, мәмілеге қатысушыларға және басқа да факторларға қарай ерекшеленбеуге тиіс.
Тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін 6 әдіс қолданады, олар:
- әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс;
- бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс;
- біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс;
- шегеру әдісі;
- қосу әдісі;
- резервтік әдіс.
Тауарлар кедендік бақылау өту кезінде, тауарларды кедендік құнын жалған декларациялау тәуекелдердін азайту іс-шаралары «Астана-1» ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған түрде Тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы анықталады.
Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК-нің https://kgd.gov.kz сайтында бірдей, біртекті тауарлардың кедендік құны бойынша ақпарат орналасқанын және СЭҚ қатысушылары назарына аталған сайтта кедендік құнды декларациялау мысалдарымен ашық, қол жетімді танысуға мүмкінідігі бар екендігін хабарлаймыз. Аталған бағалар туралы ақпаратты СЭҚ қатысушылар «Астана-1» ақпараттық жүйесінде тауарлардың кедендік құнының төмендеу тәуекелі анықталған кезінде тауар құнын реттеуге қолдануына болады.
#таможня #дгдпоалматинской #кгд