Жарияланған күні: 26.11.2021 09:56
Өзгертілген күні: 26.11.2021 09:58

Тауарларды жіктеудің негізгі ережелері және олардың негізгі рөлі

 

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсаттарында тауарларды сыныптау үшін пайданалылатын, тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі болып табылады.

      Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тауарларға салық салу мақсаттарында және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында көзделген өзге де мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.

Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының СЭҚ бірыңғай тауар номенклатурасы СЭҚ ТН халықаралық негізі болып табылады. СЭҚ ТН Еуразиялық экономикалық Комиссия бекітеді. СЭҚ ТН жүргізуді Комиссия жүзеге асырады.

 «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес Тауарларды мәлімдеу кезінде олар СЭҚ ТН сәйкес сыныптауға жатады, яғни номенклатурада көрсетілген он таңбалы цифрлық кодтардың біріне жатқызылады, оны декларант ТД 33-бағанында көрсетеді.

Кодекстің 40-бабына сәйкес тауарларды сыныптау деп қарастырылатын тауарларды СЭҚ ТН бойынша нақты тауарлық позицияларға, қосалқы позицияларға және кіші қосалқы позицияларға кезең-кезеңмен жатқызу түсініледі.

      Тауарларды сыныптау мына негізгі өлшемшарттар:

      1) тауар орындайтын функция;

      2) тауар жасалған материал негізге алына отырып жүзеге асырылады.

Бұл ретте, тауарлардың өңделу дәрежесі ескеріле отырып, оларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына түсініктеме берудің негізгі қағидаларын және бөлімдерге, топтарға ескертпелерді (оның ішінде тауарлық позицияларға, қосалқы позицияларға ескертпелерді), сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар сыныптау мәселелерін түсіндіретін қосымша ескертпелерді қолдану негізінде тауарлық кіші қосалқы позицияларға түбегейлі жатқызу қағидаты сақталады.

Декларант және өзге тұлғалар кедендік декларациялау кезінде және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды мәлімделетін өзге де жағдайларда, тауарларды сыныптауды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүзеге асырады.

Яғни, СЭҚ ТН сәйкес тауарларды жіктеуді декларант және басқа тұлғалар дербес жүзеге асырады.

Бұл ретте, тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы осы Кодекстің 47 және 48-тарауларында белгіленген тәртіппен жүргізілетін тауарларды шығарудан кейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.

Тауарларды сыныптау кезінде кеден органдары, декларанттар немесе өзге тұлғалар:

      1) СЭҚ-сына түсініктеме берудің негізгі қағидаларын;

      2) бөлімдерге, топтарға, позицияларға ескертпелерді пайдаланады.

      СЭҚ-сын біркелкі қолдану мақсатында кеден органдары, декларанттар немесе өзге тұлғалар:

      1) СЭҚ-сына берілген түсініктерді;

      2) Дүниежүзілік кеден ұйымының Үйлестірілген жүйе комитетінің сыныптамалық пікірлер компендиумін;

      3) уәкілетті органның тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімдерінің электрондық базасын;

      4) Комиссияның және уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау бойынша түсіндірмесін пайдалануы мүмкін.

Жіктеу объектісі халықаралық саудада айналыстағы барлық тауарлар болып табылады.

Бірыңғай СЭҚ ТН-на сәйкес тауарларды жіктеу сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (СЭҚҚ) үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Біріншіден, тауарлар СЭҚҚ ТН қандай жіктеу кодына жатқызылуына байланысты кедендік әкелу/әкету бажының мөлшерлемесі, сәйкесінше төленетін кедендік төлемдердің мөлшері, тауарлар мен көлік құралдарына тарифтік емес шараларды, тыйым салулар мен шектеулерді қолданылатыны анықталады.

Екіншіден, СЭҚ ТН-на сәйкес тауарларды жіктеу кезінде көбінесе тауарлардың техникалық сипаттамаларын, оны өндіру әдістерін және т.б. анықтауға байланысты арнайы техникалық білімді және қосымша сараптамаларды қажет етеді.

Үшіншіден, тауарларды жіктеудің дұрыстығы ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің кеден саясатын әзірлеу кезінде қолданылатын сыртқы сауданың кедендік статистикасының объективтілігін арттыру және оны іске асыру процесінде нақты шараларды қабылдау үшін тауарларды жіктеудің дұрыстығы да үлкен маңызға ие.

Тауарларды жіктеу принципі мен өлшемдері

Тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН - на сәйкес жіктеу кезінде тауарларды жіктеудің алты ережесі қолданылады - бұл Конвенцияның ережелерінде айқындалған СЭҚ ТН Түсіндірудің негізгі ережелері, рет-ретімен қолданылады, олардың мәтіндерінен келіп шығатыны, оларды кеңейту мүмкін емес және жол беруге болмайды.

28.01.2011 жылғы №522 Комиссияның шешімімен бекітілген Тауарларды сыныптау кезінде ЕАЭО СЭҚ бірыңғай ТН қолдану тәртібі туралы ережеде Түсіндірудің негізгі ережелері нақты тауарды белгілі бір деңгейде кодталатын белгілі бір сыныптау топтамасына, бірмәнді жатқызуды қамтамасыз етуге арналған деп айқындалған.

Түсіндірудің негізгі ережелері - бұл тауарларды жіктеу кезіндегі әрекеттерді алгоритмдеудің түрі.

Түсіндірудің негізгі ережелерінің алғашқы бес ережелері нақты тауарды белгілі бір тауар позициясына (Түсіндірудің негізгі ережелері 1-5) қосуды, содан кейін алтыншы Ереженің (Түсіндірудің негізгі ережелері 6) көмегімен тиісті субпозицияға, кіші субпозицияға қосуды көздейді. Алтыншы ереже белгілі бір шарттарды сақтай отырып, алғашқы бес Ереженің қолданылу аясын кеңейтеді.

СЭҚ ТН 2, 3, 4, 5 және 6-ға ережелеріне жүгінер алдында белгілі бір бөлімдер мен топтарға ескертпелерді зерделеу қажет (Түсіндірудің негізгі ережелері 1).

Түсіндірудің негізгі ережелері 1 ережесі көмегімен тауар позициясын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, келесіні есте сақтау қажет:

- Түсіндірудің негізгі ережелерінің 1 ережесін қолданғаннан кейін ғана 2 және 5 ережелерін қолдануға болады;

- Біртекті емес тауарлар үшін Түсіндірудің негізгі ережелерінің 2б, 3а, 3б, 3в ережелері дәйекті олданылады; 

- Түсіндірудің негізгі ережелерінің 1-3 ережесін қолдану мүмкін болмаған соң ғана 4 ереже қолданылады;

- Түсіндірудің негізгі ережелерінің 2б, 5а, 5б ережелері оларды кез-келген тәртіпте, тіпті бір уақытта қолдануға болады (мысалы, картон қораптағы бөлшектелген балалар велосипедін 2б және 5б ережелеріне сәйкес жіктеу керек).

Жоғарыда көрсетілген алгоритмнің сақталмауы СЭҚ қатысушыларын әкелінетін және әкетілетін тауарларды декларациялау кезінде қателерге алып келуі мүмкін.