
Талдықорған қаласында заңсыз акцизделетін өнімді сатуды анықталды
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Талдықорғандағы заңсыз акцизделетін өнімдерді сату фактілерін анықтау бойынша жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында жеке тұрғын үйінде 105 литрлік алкоголь бар сұйықтықты, халық арасында «Колхозка» деп аталатын 5 литрлік пластикалық баклажкаларда сату фактісін анықтағанын хабарлайды.
Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, материал сотқа жіберілді. Құрамында алкоголь бар сұйықтық сот шешімі шыққанға дейін алынды.