Жарияланған күні: 03.05.2019 11:52
Өзгертілген күні: 03.05.2019 11:52

       Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Сыбайлас жемқорлық дүние жүзі дамыған мемлекеттерінің өзінде де кездесе беретін қоғамдық дерт. Сыбайлас жемқорлықтың ең төменгі деңгейі әлем бойынша Сингапур мемлекетінде.

Бұл, әрине, жазаның өте қатаңдығының нәтижесі.
Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет.
        Мемлекетімізде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдармен қатар көптеген бағдарламалар жасалып, сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық тәжірибе алмастырылып, шаралар өткізілуде.
        Қазіргі кезде жалпы халықтың табысын көрсететін жалпыға бірдей декларация тапсыруға дайындық жүргізіліп жатыр. Бұл жоба 2025-жылдан бастап жүзеге асырылады.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық саясат институтының «Қоғамдық көзқарас» зерттеу институтымен бірлесе жүргізген сауалнамасының нәтижесі халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесі болатынына сенімді екендіктерін және бұл дерттен арылғылары келетіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ, өздерінің бұл іске белсене қатысқылары келетінін білдірді.