Жарияланған күні: 07.04.2022 15:05
Өзгертілген күні: 07.04.2022 15:06

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ

 

2022 жылғы 6 сәуірде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде департамент басшысының орынбасары Н.Баймулдиновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды да қамтиды.

ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы" Заңының 8-бабында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу болып табылады.

Отырыста жұмыс тобының жетекшісі Н.А.Баймулдинов Департаменттің адам ресурстар басқармасымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша аумақтық және құрылымдық бөлімшелер жүргізіп жатқан жұмыстарға және осы жұмыстың нәтижелері бойынша ұсынылған ақпаратқа (талдамалық ақпарат) талдау жасалғаны атап өтті.

Алайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бойынша ұсынылған ақпаратты талдау көрсеткендей, осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде міндетті түрде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы 2021 жылғы 07 сәуірдегі бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алу қажет.

Тиісті тапсырмалар беріліп, талдаудың сапалы жүргізілуіне басқарманың бөлім басшылары жауапты екені айтылды.