Жарияланған күні: 16.11.2020 12:43
Өзгертілген күні: 16.11.2020 12:45

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаңыз!

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы
Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясында «өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу:

1) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау;

2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздестірудегі адамның орналасқан жері туралы ақпарат беру;

3) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы бар өзге де жәрдемдесу.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мәліметіне сәйкес, Алматы облысында 2020 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған төрт адам марапатталды. Жалпы сыйақы сомасы 689 260 теңгені құрады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдар үшін көтермелеу бір реттік ақшалай сыйақы түрінде белгіленеді.