
Сұрақ: Тасымалдаушылар үшін Мемлекеттік шекарадан өту процесі қалай өтеді?
Жауап: ТІЖ енгізумен өткізу пункттерінен өту процесі оңайлатылатын болады, өйткені мемлекеттік шекараны кесіп өту сәтінде тасымалдаушыға Мемлекеттік кірістер органының қызметкеріне ТІЖ тіркеу нөмірін немесе тауарды алушының БСН/ЖСН-ін айту жеткілікті болады, автомобиль өткізу пункттерінде тауар-ілеспе құжаттарды сканерлеу қажеттілігі алып тасталады. Бұдан басқа, ТІЖ көмегімен жалған импорт/жалған экспорт фактілері нөлге дейін азаяды, өйткені ТІЖ ЕАЭО шеңберінде тауарларды өткізу кезінде ҚР резиденті болып табылатын тауарларды алушының/жеткізушінің өзі рәсімдейді.
Сондай-ақ, жойылған кәсіпорындарға, қайтыс болған адамдарға немесе тыйым салынған тауарларға ТІЖ жазу мүмкін болмайды.