Жарияланған күні: 27.05.2020 12:42
Өзгертілген күні: 27.05.2020 12:44

Сіз жеңілдіктерді қолдануға құқылысыз ба?

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында https://kgd.gov.kz/ru/services/search_benefic сілтемесі бойынша жеңілдіктерді қолдануға құқығы бар салық төлеушілердің тізімін таба аласыз.
Біз төтенше жағдай кезінде қабылданған салық салуға қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Экономиканы тұрақтандырудың одан әрі шаралары туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру аясында берілетін жеңілдіктер туралы айтып отырмыз.
Мемлекеттік кірістер комитетінің бұл тізімі күн сайын жаңартылып отырады.
Егер сіз жеңілдіктерге құқығыңыз бар деп ойласаңыз және сіз тізімде жоқ болсаңыз, тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласыңыз.