Жарияланған күні: 05.05.2021 17:33
Өзгертілген күні: 05.05.2021 17:33

Шолып тексеру жүргізудің пилоттық жобасы (QR-код)

 

Жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлердің назарына!

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының аумағында БКМ және картамен төлем қабылдауға арналған жабдықтың қолданылуын тексеру үшін шолып қарау арқылы пилоттық жоба іске қосылғанын хабарлайды.

Пилоттық жоба 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Қағидаларда Мемлекеттік кірістер органдарына келіп түскен шағымдар бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының арнайы бейнебақылау және (немесе) фотофиксация құралдарын қолдана отырып, жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың аумақтарын тексеруі көзделген.

Салық төлеушілерді әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде визуалды тексеру жүргізе отырып, Мемлекеттік кірістер органы қалыптастыратын штрих-код (QR-код) пайдаланылады.

QR-кодты (штрих-код) Комитеттің веб-порталы арқылы алуға болады https://kgd.gov.kz/"ақпараттық ресурстар" / "QR-кодты қалыптастыру" немесе сілтеме бойынша https://kgd-qr.kz/белсенді терезеде ЖСН/БСН енгізу, бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін енгізу, "код Жасау" батырмасын басу және штрих-кодты (QR-кодты) БКМ орналасқан жерлерде басып шығару және орналастыру арқылы.

Алынған QR-кодты салық төлеушілер БКМ орналасқан жерге орналастыруы тиіс.