
Салықтөлеушілер назарына! Онлайн-БКМ.
Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.
Жеке тұлғалардың, адвокаттар мен медиаторлардың, уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсететін қоғамдық көліктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілердің, екінші деңгейдегі банктердің, діни бірлестіктер, жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын қолма-қол есеп айырысуды қоспағанда, ұлттық пошта операторы ақшалай есеп айырысуларына онлайн-БКМ қолданылмайды.
Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілер ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.
Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен жарақтандыруға жатады.
Бақылау-касса машинасының чегі салық төлеушінің атауын, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін, бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін, чектің реттік нөмірін, тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты, тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және сатып алу сомасын, фискалдық белгіні, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін қамтуға тиіс.
Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пунктерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қосымша қамтуға тиіс.
Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою, тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу, есептен шығару фискалдық деректер операторының мәліметтері бойынша жүзеге асырылады.
Салық органы бақылау-касса машиналарын есепке қою кезінде, фискалдық деректер операторының мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін беруді және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында
бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын қалыптастыруды жүргізеді.
Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгертуді салық төлеушi өзгерістер туындаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Салық органы, бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша, фискалдық деректер операторының мәліметтерін алған күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ауыстыруды.
Салық органы деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығаруды, фискалдық деректер операторының мәліметтерін алған күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Туындаған сұрақтар бойынша 8/7282/601117 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.
Алматы облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті