
Салықтар бойынша негізгі қарызын өтеген азаматтардың өсімпұлдары есептен шығарылады⠀
Еске сала кетейік, салықтық рақымшылық 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.⠀
Салық бойынша негізгі қарызын өтеген азаматтардың жинақталған өсімпұлдары есептен шығарылады.
Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ.⠀
Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.⠀
Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылды.⠀
Жеке тұлғалар борыштың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару жөніндегі Ереже ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №730 бұйрығымен бекітілген.⠀
Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 сәуірінен кейін өткен салық кезеңдері үшін негізгі қарыз сомасы мен өсімпұлды төлеген азаматтар қаражатты аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру арқылы қайтарып ала алады немесе болашақ төлемдер есебіне қалдыру мүмкіндігі қарастырылған.
Салықтық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-… сілтемесі арқылы немесе «eSalyq mobile» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.⠀