
Салық төлеушінің кабинеті
Салық міндеттемелерін орындау және мемлекеттік кірістер органдарымен байланыс жасау үшін сіз «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасын пайдалана аласыз, оны компьютерде арнайы орнатудың қажеті жоқ, тек мына мекен-жай арқылы cabinet.salyk.kz өтесіз.
Салық төлеушілер кабинеті әлемнің кез келген жерінен кез-келген уақытта мемлекеттік қызметтерді алуға және электрондық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Жалғыз шарт - Интернетке қол жетімділік.
Салық төлеушілер кабинетінде тіркелу арқылы сіз салық есептілігін ұсынуға, салық берешегін қарауға және төлеуге, салық есептілігін тапсыруға, хабарламаны қарауға, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының басқа қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік аласыз.
Салық төлеушілер кабинетінің функционалдығы үнемі кеңейіп, жаңарып отыратындығын атап өтеміз.
https://www.instagram.com/p/CIhd7I8nNkX/