
Рейтингтік бағалау қорытындысының нәтижесінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті үшінші орынды иеленді
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылға арналған аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің рейтингісі шығарылды.
2019 жылғы жұмыстың рейтингтік бағалау қорытындысы нәтижесінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытынды (01.07.2019ж.-9-орын) бағалауымен салыстырғанда 6 позицияға көтеріліп, республика бойынша 3-орынды иеленді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен рейтингтік бағалауға сәйкес, рейтингтің барлық көрсеткіштерінің мақсатты көрсеткіштері берілген, оларға жеткен кезде оң балл беріледі, жетпеген жағдайда – теріс балл беріледі.
Рейтингтік бағалау индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы, артық төлеу, берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек, шағын бизнес субъектілеріне әкімшілендіру, мемлекеттік қызметтер және басқалар.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 56,18 балл жинап, жалпы рейтингтен Қостанай және Түркістан облыстарынан кейін үшінші орынды және республика бойынша бюджеттің кіріс бөлігін орындау бойынша 24,69 баллға жетіп, бірінші орынды иеленді.
Бюджеттің болжамдық көрсеткіштері асыра орындалды. 2019 жылы мемлекеттік бюджетің кірістер жоспары 101,1% орындалды, түсім 509,3 млрд. теңгеге түсіп, жоспардан тыс 5,5 млрд. теңгеге артты. 2018 жылмен салыстырғанда 122,6 млрд.теңгеге артып, өсу қарқыны 131,7% құрады.