Жарияланған күні: 28.10.2019 17:43
Өзгертілген күні: 28.10.2019 17:46

2019 жылдың 24 қазанында, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарқан ауданы бойынша МКБ мамандары  рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Сарқан ауданы дүкендерінің бірінде акциздік өнімдердің заңсыз айналымы фактісін анықтаған болатын.  Атап айтқанда, акциздік таңбалау маркаларсыз Қырғыстан Республикасының темекі өнімдері: «FAST» маркалы темекісі – 803 қорап, 16 060 дана.

          Аталған факті «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР 2003 жылғы 12 маусымдағы №439-II заңының бұзылуы болып табылады.

         ҚР ӘҚБтК-тің 283 бабының 2 бөліміне сәйкес акцизделетін өнімді акциздік таңбаларсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік қаралған және құқық бұзушылықтың тікелей нысаны болып табылған акцизделетін тауарлар тәркіленеді.

          Сондай-ақ, рейд барысында ілеспе жүкқұжаттарынсыз жалпы саны 47 бөтелке болатын алкоголдік өнімдердің заңсыз айналымы анықталған болатын.

         Аталған факті «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР  1999 жылғы 16 шілдедегі №429-I заңының бұзылуы болып табылады.

         ҚР ӘҚБтК-тің 282 бабы 3 бөлімінің 7 тармағына сәйкес этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің ілеспе жүк құжаттарынсыз айналымы құқық бұзушылықтың тікелей нысаны болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, әкімшілік жауапкершілік қаралған.

         Әкімшілік құқық бұзушылық айғақтары бойынша мәтінделген құжаттар Сарқан аудандық сотына, әкімшілік шешім қабылдану үшін жолданды.