Жарияланған күні: 20.11.2019 17:00
Өзгертілген күні: 20.11.2019 17:16

         2019 жылдың 15 қарашасында Талғар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің акт залында  «Патенттен басқа салық режимдеріне көшу және онлайн бақылау кассалық машинасын қолдану» тақырыбына семинар өткізді. Семинарға Талғар ауданының салық төлеушілері қатысты.

        Семинар барысында патенттен басқа салық режимдеріне көшу және онлайн бақылау кассалық машинасын қолдану, сонымен қатар салықтық рақымшылық туралы сұрақтар талқыланды.