Жарияланған күні: 08.12.2020 16:21
Өзгертілген күні: 08.12.2020 16:24

«Патент құнының есеп-қисабын тапсыру тәртібі»

 

Патент негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсіпкерлер тұрған жеріндегі салық органына патент құнының есеп-қисабын ұсынады.

Есеп-қисапты қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырылады. Есеп-қисап патенттің құнын есептеуге арналған салықтық есептілік болып табылады, 911.00 нысаны толтырылады.

Салық төлеуші патенттің құнын төлеуді есеп-қисап ұсынылғанға дейін жүргізеді. Қағаз жеткізгіштегі есеп-қисаппен бір мезгілде патент құнының төленгенін растайтын құжаттар ұсынылады.

Дара кәсіпкерлер есеп-қисапты табыс еткеннен кейін салық органы есеп-қисап ұсынылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патент қалыптастыруды жүргізеді.

Содан кейін Патент нысаны есеп-қисапта көрсетілген мерзімге қалыптастырылады.

https://www.instagram.com/p/CIhfTQDHmxn/