
Құрметті пайдаланушылар!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-МКК) келесіні хабарлайды.
2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 19.00-ден 20.00-ға дейінгі кезеңде "Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар" ақпараттық жүйесінде (ОСДШ АЖ) техникалық жұмыстар жүргізілетін болады.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген кезеңде ОСДШ АЖ ақпараттық жүйесінің барлық сервистері қолжетімсіз болады.
Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз