Жарияланған күні: 03.10.2019 17:05
Өзгертілген күні: 03.10.2019 17:11

Онлайн беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың артықшылықтары

    Фискалдық деректер мемлекеттегі қолма-қол ақша қаражатының айналымы жөніндегі мәліметтердің негізгі көзі және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

    БКМ онлайн қолданудың артықшылықтары неде:

 бірінші кезекте кәсіпкер өз бизнесін, соның ішінде басқа қалаларда үйден шықпай-ақ бақылай алады;

жеке кабинет арқылы БКМ-мен жұмыс істеу бойынша толық ақпаратты бірінші чектен және бірінші Z-есептен бастап меңгеруге болады;

     БКМ үшін соманы онлайн қайтарған жағдайда, акт жасау үшін салық органдарына жүгінудің қажеті жоқ, өйткені ақпарат автоматты түрде серверге беріледі; БКМ әдеттегі нұсқадан өзгеше онлайн пломбаланбайды.

    БКМ жаңа тәртіпке өту рәсімін өту үшін:

 техникалық қызмет көрсету орталығынан БКМ сатып алу;

фискалдық деректер операторының ВЕБ-ресурсынан (ҚПО) - www.oofd.kz ҚПО-мен жасалған шартқа жүктеу, басып шығару, қол қою және мөрмен растау;

 қызметті жүзеге асыру орны бойынша Мемлекеттік кірістер органдарында БКМ тіркеу картасын алу және өтінім беру;

        Жауапкершілік барма?

Жауапкершілік  ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 284-бабының 1-бөлігінің нормаларымен қарастырылған.

    Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК 284-бабы "бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін бұзу"»:

    1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын қолданбау, сондай-ақ ақ жарамсыз болып табылатын немесе пайдаланылатын жері бойынша Мемлекеттік кіріс органында есепте тұрмайтын бақылау-касса машинасын қолдану, -

ескерту жасауға әкеп соғады.

    2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -

жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.