Жарияланған күні: 08.12.2020 16:41
Өзгертілген күні: 08.12.2020 16:45

«Оңайлатылған декларациясын тапсыру тәртібі»

Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдатын салық төлеушілер үшін салықтық кезең жартыжылдық болып табылады.

Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.

Салықтық есептілік тиісті салық органдарына таңдауы бойынша келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы, хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – қағаз жеткізгіште және ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынылады.

Салықтық есептілік келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда, екі дана етіп ұсынылады, бір данасы салық органының белгісі қойылып салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.

Электрондық нысанда ұсынған кезде – жүйеде қабылданған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) электрондық хабарлама жіберіледі.

https://www.facebook.com/alm.obl.dgd/videos/426635748508685