Жарияланған күні: 29.11.2021 17:22
Өзгертілген күні: 29.11.2021 17:34

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын ЖК үшін ҮИЖ қолданудың артықшылықтары

 

1) салық кезеңі үшін, яғни жарты жылдық үшін кіріс шегі 24 038 АЕК-тен (66,8 млн.теңге) 94 086 АЕК-ке (261,4 млн. теңге) дейін ұлғайтылды.

2) 2021 жылы ҚҚС бойынша шек 30 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, яғни 83,3 млн.теңгеден 400,5 млн. теңгеге дейін (2022 жылы 134 184 АЕК-ке дейін). Алайда, бұл ұлғаю ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылатынын ескеру қажет.

ҮИЖ-де салықтық есепке алу модулі бар. Бұл жүйеде тауарлардың қозғалысы, сондай-ақ салық есептілігін, оның ішінде қызметкерлердің жалақысы бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі.

Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған.