Жарияланған күні: 27.05.2016 16:27
Өзгертілген күні: 27.05.2016 16:28

Оңалту және банкроттықтың заңнамасындағы өзгерістердің көрінісі

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша дағдарысқа қарсы іс-әрекет жоспарын орындау үшін оңалту және банкроттық заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар қабылданды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы №12 өкімімен оңалту және банкроттықтың, сонымен қатар төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа механизмдерін іске асыру бойынша Іс-әрекет жоспары бекітілген.

Оңалту және банкроттық рәсімінің негізгі жетілдіру бағыттары:

-         борышкер және кредитор арасындағы төлем қабілетсіздігін реттеу;

-         банкроттықтан оңалтуға өту мүмкіндігі;

-         банкроттық барысында татулық келісімін жасау (әдеттегі қызметке қайтару);

-         кәсіпорынды сату және меншік иесін ауыстыру;

-         банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты барлық сұрақтарды бір сотқа бекіту;

-         борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін шұғыл орындау;

-         оңалту және банкроттықта апелляциялық сатыда сот актілерін шағымдануды шектеу.

Жаңа ензілімдер бизнесті, жұмыс орындарын және салық салу базасын сақтауды, оңалту және банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін қысқартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.