
«Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» акция бойынша жеңімпазды іріктеу қорытындысы.
Алматы облысы МКД 14 мамырда «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының екінші іріктеу қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтады.
Комиссия мүшелерінің қатысуымен ұтыс барабанына 19 ұтыс купоны салынып, акцияның бірінші кезеңінде 16 ауданынан және Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларынан жеңіске жеткен жеңімпаздар қатысты.
Ұтыс барабанынан алынған № 000204 ұтыс купонының иегері Текелі қаласының тұрғыны Сембаева Жумабике Жапсарқызы жеңіске жетіп, негізгі сыйлық LED-теледидарын ұтып алды.
Келесі ұтыс № 000407 купонының иегері Көксу ауданының тұрғыны Назарбекова Кульнар Салқынбекқызы қысқатолқынды пешті ұтып алды.
Ұйғыр ауданының тұрғыны Шаймукаева Айсара Бекежанқызы № 003203 ұтыс купонымен республикалық деңгейде, акцияның үшінші кезеңіңде өтетін ұтыс ойынына қатысуға ие болды.
Акцияға белсенді қатысқан (Ескелді ауданы) Керімкулова А.Ж, (Талдықорған қаласы) Егизгельдинова С.К және (Қаратал ауданы) С.М. Мирашеваларға сыйлықтар берілді.
Басқа да акцияға қатысушыларға Алматы облысы МКД басшысынаң алғыс хатымен марапатталды.
Алматы облысы МКД басшысының орынбасары Искаков К. «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» акциясының қатысушыларына Алғысын білдіріп, түбіртекті талап етуді насихаттауды сонымен қатар Мемлекеттік бюджетегі салықтың артуына үлес қосуды өтінді.