
Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мен Талғар ауданының полиция басқармасы қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасы барысында, мұнай өнімдерінің және басқа да акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымын анықтау мақсатында, Алматы облысы, Талғар ауданы Жаңалық ауылының жанында жалпы сомасы 1 360 800 теңгені құрайтын 6,026 тонна дизель отынын алып жүрген Volvo FH 12 маркалы автомашинасы ұсталды, бұл Қазақстан Республикасының "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі №463-IV Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес құқық бұзушылық болып табылады.
Аталған құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК 281 бабының 5 бөлігінің 2 тармағы бойынша құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Осы аталған іске байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық мәлімет Талғар аудандық сотына шешім қабылдау үшін жіберілді.