
Мини-футбодан Спартакиада
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойына орай 2 маусымда «Өркен» спорт кешеңінде департаменттің құрылымдық бөлімшелері арасында мини-футболдан Спартакиада өткізді.
Спартакиаданың негізгі мақсаты- салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі факторы ретінде спорт пен дене шынықтыру мәдениетін насихаттау, мемлекеттік қызметкерлер арасында патриоттық тәрбиені көтеру.
Шараны департамент басшысының м.а Таукен Ошақбаев ашты.
Ол барлық қатысушыларға жарыста батылдық, адал күрес пен жеңіс сыйлады.
Жарысқа барлық құрылымдық бөлімшілерден 12 команда қатысты.
Бірінші орынды Экономикалық тергеу қызметінің командасы жеңіп алды, командада кұрамында Абдебаев Бахыт, Лепесов Мади, Мырзахан Жаксылык, Жумагулов Айдос, Айдашев Ансар ойнады.
Екінші орынды жедел- тергеу қызметінің командасы ұтып алды.
Үшінші орынды қажырлы күрес арқасында «Алтынкөл» кеден бекетінің командасы иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша, үздік ойыншы болып Жумагулов Айдос (ЭТҚ), қақпашы– Ахметов Каныш («Алтынкөл» КБ) пен шабуылшы Унербаев Мадияр (Жамбыл ауданының МКБ) аталды.