
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабына сәйкес (Тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруіне меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбауы не жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол беруі) жеке тұлғаларға – он айлық есептік көрсеткіш (24 050 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Осыған орай Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жеке тұлғалардың көлік құралдарына есептелген салық берешегі бар,бірақ көрсетілген мекен-жайда тұрмайтындығына байланысты, Жамбыл аудандық ішкі істер басқармасы және Ұзынағаш ауылдық округінің мамандарымен бірлескен рейд жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, Ұзынағаш ауылы Бабажанов көшесі 14 үйдің иесі А.Пейсенов, көлік құралдарына есептелген салық берешегі бар ( жалпы сомасы 141 023 теңге) 3 жеке тұлғаларды (Пейсенов М., Абдуллаев Н., Абдуллаев Н.К.,) үйіне тіркеуге қойған бірақ аталған мекен жайда тұрмайтыны анықталып 24 050 теңге айып пұл салынды.
Сонымен қатар, Жамбыл ауданың тұрғын үй иелеріне, жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының заң нормасын бұзбауды сұрайды.