Жарияланған күні: 31.10.2019 19:58
Өзгертілген күні: 31.10.2019 19:58

Мемлекеттік қызметшінің білуінсіз түскен сыйлықтар мемлекеттік қорға тапсырылуға тиіс

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ сәйкес өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы, мемлекеттік қызметшілердің мынадай іс-әрекеттері мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады.
          Мемлекеттік қызметшінің білуінсіз келіп түскен, сондай-ақ ол қолданылып жүрген заңдарды бұза отырып тиісті функцияларды орындауға байланысты алған сыйлықтар жеті күн мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсырылуға тиіс, ал сол жағдайларда мемлекеттік қызметшіге көрсетілген қызметтерге республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) тапсырады.

Сыйлықты тапсыру белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО жасаған Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі бойынша, тұлғамен сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама қоса беріледі.