
«Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»
Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміздің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның аса қауіпті дерті болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтын күшею және тамырлануы мемлекеттің одан әрі дамуына мүмкін еместігіне алып келеді, ашық экономика құруға кедергі жасайды, мемлекеттің барлық жүйелері мен органдарының дамуына теріс әсер етеді.
2019 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасымен кездесуі барысында:
- мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бағынысындағы сыбайлас жемқорлық үшін орнынан кету институтын енгізудің маңыздылығы туралы;
- нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру;
- заңсыз байытқаны үшін жауапкершілік;
- мемлекеттік қызметшілердің кірістер мен шығыстар туралы декларацияларды жариялауы туралы мәлімдеген.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және күреске ерекше көңіл бөлінеді.
Сыбайлас жемқорлық экономиканың барлық салаларында, халық шаруашылығы салаларында орын алған, көлеңкелі экономиканың өсуіне алып келеді және салық төлеуден жалтарумен тығыз байланысты.
Салық және бюджетке төленетін төлемдерді алу, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүргізу кезіндегі мемлекеттік кірістер органдарының қызметі жеке және заңды тұлғалармен тығыз байланыста болады.
Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының салық төлеушілермен бірнеше мәрте, негізсіз өзара іс-қимылын болдырмау мақсатында салық және кеден жүйелерін цифрлік форматқа көшіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Астана-1», «Е-терезе», «электрондық шот-фактуралар», «ҚҚС-Blokchain», «тауарларды таңбалау» модулі, онлайн-БКМ, «Виртуалды қойма» ақпараттық жүйелерін одан әрі енгізу және дамыту жалғасуда.
Атап айтқанда, салық төлеушілердің онлайн-БКМ қолдануы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының салық төлеушілермен ықтимал физикалық байланыстарын барынша қысқартады.
Цифрлік құралдарды пайдаланудың арқасында бизнеске үлкен жүктеме қысқарады, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің салық төлеушілермен физикалық байланысы азаяды, негізсіз тексерулер төмендейді.