
Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберілген хаттың жай-күйі туралы ақпаратты енді Telegram мессенджеріндегі арнайы чат-боттан көруге болады. Аумақтық МКД мен МКБ-ға жіберілген хаттар қарастырылмайды.
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram мобильді қосымшасы алаңында құрылған «KGDkantselyariya» виртуалды көмекшісінің жаңа қызметін пайдалануға ұсынып отыр.
@KGD_KANTSELYARIYAbot виртуалды көмекшісі құжат айналымы мәселесі бойынша салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін құрылған. Оның көмегімен өтініш иесі мына ақпаратты жедел алуына болады:
-өтініштің кіріс нөмірі мен күні;
-Комитеттің өтінішке берген жауабының шығыс нөмірі мен күні;
-салық төлеушінің жүгінуі бойынша Комитеттің жауапты орындаушысының деректері (аты-жөні және телефон нөмірі).
Бұл ақпаратты алу үшін:
-аты-жөнін немесе ұйымның толық атауын;
-өтініш берілген күні мен шығыс нөмірін чат-ботта жазу қажет.
Аталған қызметті, жұмыс күндері (сенбі мен жексенбіні қоспағанда) сағат 9:00-ден бастап 18:30-ға дейін пайдалануға болады.