Жарияланған күні: 08.04.2021 11:53
Өзгертілген күні: 08.04.2021 11:54

Мемлекеттік кірістер комитеті веб-журналының екінші нөмірі шықты

 

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Веб-журналы Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Орталық - Өңір форматындағы қарым-қатынасы үшін алаң болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының қызықты тарихы мен көпқырлы күнделікті тәжірибесі осы жаңа басылымның беттерінде өзінің лайықты көрінісін табады. Веб-журнал мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің де, салық және ке¬ден ісі теориясы мен практикасының әртүрлі аспектілеріне қызығушылық танытатын адамдардың да қызығушылығын тудырады, өйткені ол мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің өмірі, оқиғалары мен кезеңдері туралы, Парламенттегі талқылаулар ту¬ралы әңгімелейді, оқырмандардың на-зарына мамандар өз жұмыстарының пай¬далы түсіндірулерін ұсынады.
Бұдан басқа, редакциялық комиссияға біздің қызметіміздің жұмысын жақсарту бойынша идеялар мен ұсыныстар жіберуге болады. Үздіктер іске асырылатын болады, ал авторлардың жұмыстары осы веб-журналдың беттерінде жа¬рияланатын болады. Журнал шығарылымы тоқсанына бір рет PDF форматында жарияланады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің Веб-журналы МКК сайтында жарияланған.  Оны сілтеме бойынша көре аласыздар: https://kgd.gov.kz/ru/content/veb-zhurnal-1