Жарияланған күні: 03.06.2020 13:15
Өзгертілген күні: 03.06.2020 13:17

 

«Қызыл», «Сары», «Көк» және «Жасыл» дәліздерінің айырмашылығы неде?
 

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларациялар тіркелгеннен кейін кедендік бақылау нысандарына байланысты келесі дәліздердің біріне жіберіледі:

«Қызыл дәліз» физикалық бақылау жүргізуді белгілейді, яғни кедендік қарап тексеру/тексеру/сараптама жүргізуді білдіреді;

«Сары дәліз» кедендік тазарту сатысында (тауарлар шығарылғанға дейін) құжаттық бақылау жүргізуді білдіреді;

«Көк дәліз» құжаттық бақылауды тауарлар шығарылғаннан кейін жүргізуді белгілейді, сондай-ақ тауарларды шығару жүйе арқылы автоматты түрде жүргізіледі;

«Жасыл дәліз» қандай да бір кедендік бақылау нысандарын жүргізусіз автоматты түрде тауарларды шығаруды белгілейді.