Жарияланған күні: 25.01.2022 11:40
Өзгертілген күні: 25.01.2022 11:42

Құрылыс материалдарын сату кезінде Виртуалды қойма модулін қолдану қажет

 

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі-ТІЖ) ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның қағидаларына сәйкес(ҚР ҚМ 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығы) 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап құрылыс материалдарын сату кезінде ТІЖ ресімдеу және Виртуалды қойма модулін қолдану қажет.

 

ТІЖ ресімдеу кезінде техникалық мәселелер туындаған жағдайда «тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат» 32-жолда NON SNT көрсете отырып, ТІЖ-сінсіз ЭШФ жазып беру мүмкіндігі бар (ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба қағидаларының 30-1-т.).

 

Пилоттық жобаның мақсаты ТІЖ-ны енгізуге жұмсақ көшу және салық төлеушілерге ТІЖ-ны міндетті түрде қолдануға дайындалу мүмкіндігін беру болып табылатынын атап өтеміз.

 

Пилоттық жоба кезеңінде ТІЖ уақтылы ресімдемегені, расталғаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары көзделмеген.