Жарияланған күні: 18.08.2022 12:30
Өзгертілген күні: 18.08.2022 12:31

Құлмұханбет Исаков Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды

 

2022 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Б.О.Слямов Алматы облысының Әкіміне және Әкімдік аппаратына, Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Құлмұханбет Мырзахметұлы Исаковты таныстырды.

Исаков Құлмұханбет Мырзахметұлы 1969 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Андреевка ауылында дүниеге келген, салық органдарындағы еңбек жолын 1992 жылы бастаған.

Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

Алматы облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылдан 2019 жылдың мамыр айына дейін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2019 жылғы мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 17.08.2022 жылғы бұйрығымен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.