
Кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан жеке тұлғалардың тауарларды импорты кезінде тауарларды әкелу нормалары
«1 ақпандағы № 104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 43 бұйрықпен жеке тұлғалар тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импорттаған кезде оларға қатысты тасымалдау нормалары белгіленген тауарлар тізбесін кеңейту бөлігінде өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.
Жеке тұлғалар тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан
әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан импорттайтын тауарларға жатқызудың мынадай өлшемшарттары бекітілген:
1) егер осы тармақтың 2) тармақшасында өзгеше көзделмесе, құны күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен еңбек ақының 12 еселенген мөлшерінен асатын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу;
2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан жеке тұлғаның атына
1 (бір) жыл ішінде келесідей көлемде:
теріден жасалған бұйымдар, оның ішінде бас киімдер – бір адамға бір атаудағы 1 (бір) заттан артық;
ұялы телефон – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;
планшет – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;
стационарлық, тасымалданатын (портативті) компьютер және оған арналған керек-жарақтар – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;
зергерлік бұйымдар – бір адамға 5 (бес) заттан артық;
велосипед – бір адамға 1 (бір) бірліктен артық;
балалар арбасы – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;
көлік құралдары, оның ішінде құрастырылмаған түрінде – 1 (бір) бірліктен артық.
Өлшемшарттар бұрын қолданыста болған және жол жүруге және (немесе) межелі орында қажетті және:
жол жүруге және (немесе) межелі орында, оның ішінде маусымдылығын, жол жүру мақсатын, көлік түрін ескере отырып пайдалану;
тозу, оның ішінде сызаттар, майысулар, өзге де механикалық зақымданулар, жуу;
жапсырмалардың, заттаңбаларының, этикеткалардың, бастапқы орамдарының болмауы жағдайындағы тауарларға қатысты қолданылмайды.