Жарияланған күні: 10.12.2020 16:32
Өзгертілген күні: 10.12.2020 16:33

Кәсіпкерлердің назарына: оңалту рәсімі.

Мемлекет басшысы 27.12.2019 жылы 10.01.2020 жылы күшіне енген «Оңалту және банкроттық туралы Заңға» және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерге қол қойды.
Қазіргі уақытта, әлемнің барлық елдері, оның ішінде Қазақстан дағдарыстан шығу жолдарын іздестірумен айналысатын кезде - қаржы жүйесін тұрақтандыру, елдің экономикасы ғана емес, бүкіл әлемдік экономика қаржы дағдарысына ұшыраған кезде халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру, оңалту рәсімі арқылы оны сауықтыру туралы мәселе әлі де өзекті болып отыр.
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық» заңына сәйкес кәсіпорындарда банкроттық (тарату) рәсімінен басқа дәрменсіз (төлемге қабілетсіз) кәсіпорындарға қатысты оңалту рәсімі қарастырылған.
Заңда төлем қабілеттігін қалпына келтіру және борышкердің мүлігін сақтап қалуға бағытталған, аталған рәсім толығымен жазылған. Сот рәсімінің бірі болып табылатын, оңалту рәсімі олардың ішінде ерекше орын алады. Бұл бірінші кезекте рәсімнің өзінің ерекшеліктерінен, оның мақсаттары мен енгізу салдарынан туындайды. Бейнелі сипаттама берсек, оңалту рәсімі кәсіпорындардың дағдарысты жеңудің соңғы мүмкіндігі деп атауға болады. Олай болмаған жағдайда, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкін болмаса сот борышкерді банкрот деп жариялайды және банкроттық рәсімі жүргізіледі.
Заңға сәйкес, оңалту рәсiмi – сот тәртібімен қолданылатын рәсiм, оның шеңберiнде борышкерге оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады.
Қарызы шамалы аз, ең бастапқы сатыда, қаржылық дәрменсіздік әлі қайтымсыз болған кезде оңалту рәсімі жеткілікті тиімді болады. Ол кәсіпорынға бизнесті реанимациялауға, өндірісті реформалауға және қайта құрылымдауға қосымша мүмкіндіктер береды.
Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, борышкер және кредитор (салықтық және кедендік төлемдер бойынша кредиторды қоспағанда) уақытша төлем қабілетсіздігі кезінде және берешек болған жағдайда оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
Оңалту рәсімі міндетті түрде болып табылмайды, сондықтан оны енгізу туралы кредиторлар жиналысының шешімі қажет. Бұл шешім оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін ғана емес, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің нақты мүмкіндігіне негізделуі керек.
Оңалту рәсімін қолдану ерекшелігі, ол енгізілген сәттен бастап берешектің барлық түрлері бойынша, оның ішінде банктік қарыздар мен салықтар бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлды) есептеу тоқтатылады. Яғни, кәсіпорынның барлық қарызы бекітілген жоспарға сәйкес кәсіпорын үшін де, кредиторлардың өздері үшін де қолайлы кесте бойынша оңалту рәсімінің шеңберінде және мерзімінде өтелетін болады.
Банкроттықтың зерттелетін сатысындағы барлық іс-шаралардың ұйымдастырушылық-экономикалық бірлігін қамтамасыз ететін негізгі құжат кәсіпорынның оңалту жоспары болып табылады. Бұл құжаттың ерекшелігі, өзінің мәні бойынша кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жобасының бизнес-жоспары бола отырып, ол заң талаптарына сәйкес келуі және кредиторлар жиналысында бекітілуі тиіс.
Белгілі болғандай оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткізу үшін компанияны басқару құқығы оңалту басқарушысына беріледі. Алайда ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» Заңымен борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын сақтау меншік иесіне көзделген, яғни оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгіленген оңалтуды басқарушының өкілеттігі мен жауапкершілігі қолданылатын дәрменсіз борышкердің басшысы немесе құрылтайшылары (қатысушылары).
Бүгінгі күнге Алматы облысы бойынша оңалту рәсімінде жалпы берешек 40,1 млрд.теңгемен, оның ішінде салықтар бойынша 959,3 млн. теңгемен 13 кәсіпорын бар. Бұл ретте берешекті өтеу 5,3 млрд.теңгені құрады.
Осылайша, құрметті кәсіпкерлер бүгін сіздің кәсіпорныңызда кредиторлық берешекті төлеу бойынша күрделі жағдай орын алса, сіз өз құқықтарыңызды оңалту рәсімі арқылы іске асыра отырып, өзіңіз үшін дұрыс шешім қабылдаңыз