Жарияланған күні: 13.09.2021 11:40
Өзгертілген күні: 13.09.2021 11:42

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару.

 

ҚР Салық кодексінің 85-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес  салық органының уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша шешімінің негізінде ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылады, егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы немесе дара кәсіпкер әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі және хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға болып табылған жағдайда, атқарылатын жұмыс салық төлеушіге хабарламай жүргізіледі.

Бұл жағдайда, Салық кодексінің 85-Б.5-Т. 1-тармағында ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

 ҚР Салық кодексінің 85-б.6-Т. 4-тармақшасына сәйкес ҚҚС төлеуші салық органының шешімі бойынша әрекетсіз салықтөлеуші болып танылған күннен бастап ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылады.

Осылайша, егер салық төлеушінің жалғыз тұлғадағы басшысы мен құрылтайшысы хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға болып табылса, онда мемлекеттік кіріс органдары салық төлеушіні осындай басшы (жалғыз құрылтайшы) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған күннен бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.