Жарияланған күні: 09.10.2019 18:44
Өзгертілген күні: 09.10.2019 18:44

"Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде ҚХР азаматынан белгіленген нысанда декларацияланбаған 7 000 000 теңгеден астам ақша қаражаты ұсталды

2019 жылдың 9 қазанында Алматы облысы бойынша МКД "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде "Қорғас" ШЫХО кеден бекеті қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ 2088 ә/б қызметкерлерімен бірлесіп кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында ҚХР-ның ҚР-на кіруі кезінде ҚХР азаматынан белгіленген нысанда декларацияланбаған ақша қаражатын, атап айтқанда 7 584 000 теңге (09.10.2019 жылғы жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ресми бағамы 389 теңге 38 тиын құрады, бұл 19 477 АҚШ доллары) анықталды.

Қазіргі уақытта ҚХР азаматын ҚР ӘҚБт Кодексінің 551 бабының 3 бөлігі бойынша  әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.