
Алматы облысында мемлекеттік кірістер органдары мен жеке сот орындаушыларының бірлескен рейдтері жалғасуда.
Қазан айының басында Қарасай ауданы бойынша МКБ қызметкерлері жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық берешегін өндіріп алу мақсатында рейд жүргізді.
Аудандық МКБ және ЖСО қызметкерлері атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы шығарылған қаулылар бойынша шаралар қабылдау жолымен бірлескен іс-шаралар өткізді.
Қарасай ауданы бойынша 14 мыңға жуық тұрғын көлік салығын төлемеген. Бюджетке жалпы қарызы 361 миллион 689 мың теңгеге жеткен.
Барлық салық төлеушілерді салықты уақтылы төлеуге шақырамыз!