Жарияланған күні: 10.10.2019 17:13
Өзгертілген күні: 10.10.2019 17:14

Көлік салығын төлеңіздер !!!

Алматы облысы Алакөл ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жеке сот орындаушыларымен жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын өндіріп алу бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

9 қазан күні бірлескен іс-шаралар барысында 5 жеке тұлғадан 106,5 мың теңге көлемінде көлік салығы бойынша салық берешегі өндірілді.

Барлық салық төлеушілерді салықты уақытында төлеуге шақырамыз.