Жарияланған күні: 29.04.2021 11:14
Өзгертілген күні: 29.04.2021 11:15

Көлік салығын төлеңіз!

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көлік құралдарына салықты есептеу және төлеу бөлігінде хабарлайды:

 

Салық кодексінің 493-бабы 1-тармағына сәйкес салық төлеуші Салық кодексінің 492-бабына сәйкес салық салу объектісіне салық ставкаларын қолдану жолымен салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.

Көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады:

- ҚР-да тіркелген және (немесе) есепте тұрған меншік құқығындағы (тіркемелерді қоспағанда) көлік құралдары бар жеке тұлғалар.

Салықты қалай есептеу керек?

- ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында орналастырылған "Калькулятор" қызметін пайдалана отырып (kgd.gov.kz.) "Электрондық сервистер" бөлімінде»;

- E-SalykAzamat мобильді қосымшасында (AppStore PlayMarket-тен жүктеу).

Көлік құралы салық кезеңінен (күнтізбелік жылдан) аз меншік құқығында болған жағдайда салық сомасы салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және меншік құқығында нақты болған айлардың санына көбейту арқылы көлік құралын нақты иелену кезеңі үшін есептеледі.

2020 жылға төлеу мерзімі жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей.

2020 жылы көлік құралдары салығы бойынша төлеу мерзімі 01.04.2021 ж Алматы облысы бойынша 376 348 салық төлеуші бойынша 8,2 млн.теңге есептелді, онда 548 118 АТС тіркелген.

02.04.2021 ж.жағдай бойынша 2020 жылға автокөлік құралдарының 206 525 иесі 3,9 млн. теңге сомасына салық төлемеген.

Қазіргі уақытта Алматы облысының автожолдарында салық берешегін өндіріп алу бойынша бірлескен іс-шаралар (атқарушылық іс жүргізу органдарының және әкімшілік полиция басқармасының қатысуымен) өткізу жоспарланған, онда АТС айыппұл автотұрақтарына салынатын болады.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыс тұрғындарын көлік салығын уақытылы төлеуге шақырады.