
Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік сатып алу саласында 1,8 млрд. теңге сомасына көлеңкелі айналымды анықтады
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көлеңкелі экономика деңгейін төмендету және бюджетке салықтардың жиналуын арттыру мақсатында тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерге қатысты бірқатар іс-шаралар өткізумен, сондай-ақ Алматы облысының мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың салық міндеттемелеріне бақылау жүргізуде.
2020 жылы Алматы облысының бюджетінен мемлекеттік сатып алуды өткізуге 382,6 млрд.теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді.
Айналымы 100 млн.теңгеден асатын мемлекеттік сатып алуға қатысушылар бойынша 2020 жылы жүргізілген талдау айналым сомасы 2 млрд. теңгеден асатын тәуекелді контрагенттерді анықтады. Мәселен, 2021 жылдың 1 жартыжылдығында контрагенттер бойынша тіркеу мен мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сот органдарына талап-арыз берілді, онда айналым сомасына 1,8 млрд.теңге салық өндіріп алу бойынша шешім шығарылды.
Сонымен қатар, әкімшілендіру мен бақылауды күшейту мақсатында жер қойнауын пайдаланудың 41 нысаны бойынша тексерулер тағайындалды.
2021 жылғы Маусымда 15 тексеру аяқталды, онда өндірілген пайдалы қазбаларды сатуды 731,1 млн.теңге сомасына ұлғайту немесе қарқыны 194% - ды құрады.