Жарияланған күні: 12.05.2020 15:21
Өзгертілген күні: 12.05.2020 15:22

«Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы

 

Алматы облысы бойынша МКД 2020 жылдың 12 мамырынан бастап БКМ фискалдық түбіртекті бермеу фактілерін анықтау бойынша "Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет" акциясының қайта басталғандығы туралы хабарлайды.

"Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет" акциясына кез келген адам қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.

Фискалдық чек берілмегендігі туралы фактілерді App Store және Play market-тен тегін мобильді «Wipon» қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға болады және фискалдық чек бермеу фактісі расталған жағдайда телефон балансына сыйақы (1000 теңге) алуға болады.

 2019 жылы акция өткізу барысында азаматтардың хабарламалары бойынша 940 бұзушылық фактісі расталып, 940 мың теңгеге сыйақы төленді.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге, заңды бұзуға мүлдем төзбеушілік танытуға және "Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет"  акциясына белсенді қатысуға шақырады.