Жарияланған күні: 03.07.2019 18:06
Өзгертілген күні: 03.07.2019 18:14
Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
 
 
Баспасөз релизі
 
ҚХР өндірісінің автокөлік құралдарына сәйкестікті бағалау туралы жалған құжаттар бойынша әкелу фактісі "Нұр жолы"кеден бекетінде тіркелді
 
     "Мемлекеттік кірістер және техникалық реттеу және метрология органдарының өзара іс-қимылы туралы" ҚР ҚМ МКК 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 184 және ҚР ИДМ ТРМК 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 188-од бірлескен бұйрығын орындау үшін ҚР ҚМ ТРМК қызметкерлері Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Нұр Жолы" кеден бекетінде 2019 жылғы 20 мамырдан 26 маусымға дейін бірлескен кедендік тексеру жүргізді.
Бірлескен тексеру нәтижелері бойынша Қытай Халық Республикасының 8 ТД бойынша өндірілген 39 автокөлік құралы Еуро-5 экологиялық класына сәйкес келмейтіндігі анықталды.
     "Нұр Жолы" кеден бекетіне техникалық қорытынды беру үшін техникалық сарапшы-аудиторлар - "Kazautocert" ЖШС қызметкерлері келді, олар 39 автокөлік құралына тексеру жүргізді, соның нәтижесінде аталған автокөлік құралдарының Еуро-2 экологиялық класына нақты сәйкестігі туралы техникалық қорытындылар берілді.
     Әкелінетін автокөлік құралдарының Кеден одағының № 018/2011 "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты (Еуро-5 экологиялық класына сәйкес келмеуіне байланысты) олар бойынша материалдар "Экономикалық контрабанда" ҚР ҚК 234-бабының қолданысына жататын, құжаттарды алдап пайдалану, көрінеу дұрыс емес декларациялау, соның ішінде жалған және көрінеу дұрыс емес (жалған) мәліметтер бар тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу бөлігінде құқық бұзушылық қаралатындықтан, іс жүргізу шешімін қарау және қабылдау үшін Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
     Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тексеру іс-шараларын жүргізуде.
 
Алматы облысы бойынша МКД