Жарияланған күні: 05.11.2020 11:37
Өзгертілген күні: 05.11.2020 11:38

«Кезекті қалай брондауға болады?»

Салық органына баратын кезде уақытты онлайн брондауға болады. Қызмет Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде қол жетімді.
Егер де, сіз қалаған қызметті дер кезінде алып, алайда кезек күтіп уақыт шығындағыңыз келмесе онда оның шешімі бар. Салық органдарына келу уақыты мен күнін онлайн брондау енді www.kgd.gov.kz ресми интернет русурсында ғана емес, сонымен қатар «e-Salyq mobile» мобильді қосымшасында қол жетімді. Бұл қосымшаны смартфонға (Google play және App Store-да қол жетімді) жүктеп алып, өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта бөлімшеге келе аласыз.
​Қосымшаның бастапқы бетіндегі «Онлайн брондау» қойындысында сіз өзіңіздің ЖСН (Жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізіп, қалаған қызмет түрін белгілеп, жүгінетін ауданды сондай-ақ күні мен уақытын тандайсыз. Келесі кезекте, брондау нөмірі келетін электрондық поштаңызды көрсетіп, «брондау» батырмасын басуыңыз керек. Осыдан соң, кезегіңіз келгенше қалаған ісіңізбен алаңсыз айналыса беруіңізге болады.