
Кедендік транзит және тауарлар мен көлік құралдарды уақытша сақтау мәселелері
Еуразиялық эконмикалық одағының кедендік аумағына тауарларды әкелген кезде кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын межелі кеден органына жеткізу үшін Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына тауарлардың келуімен, оның ішінде кедендік транзит рәсіміне тиісті кедендік процедурасына орналастырумен байланысты кезекті кедендік операциялардың жасалуы қарастырылған.
Тасымалдаушы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көліктің түріне байланысты, немесе ЕАЭО КК 88 бабымен белгіленген электронды түрде алдын-ала ақпараттың тіркеу нөмірі туралы мәліметі бар құжатты, Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексінің 89 бабымен қарастырылған құжаттарды және мәліметтерді ұсыну жолымен Еуразиялық экономикалық аумағына тауарлардың келуі туралы кеден органын ескеру міндетті.
Еуразиялық экономикалық одағының кедендік іс туралы заңнамасымен Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына автокөлік, әуе көлігі, теміржол және су көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын-ала ақпаратт кеден органына ұсыну міндеті белгіленген.
Алдын-ала ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірсте органдарының «Астана-1» ақпараттық жүйесі арқылы беріледі. Әр көліктің түрі бойынша Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына келетін тауарлар туралы алдын-ала ақпаратты ұсыну тәртібі мен мерзімі Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының бөлек шешімімен бекітілген.
Тауарларды:
автокөлікпен тасымалдаған кезде – Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына келгенше 2 сағаттан кем емес ұсынылады;
теміржол көлігімен тасымалдаған кезде - Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына келгенше 2 сағаттан кем емес ұсынылады. Егер тауарларды теміржол көлігімен тасымалдау уақыты көрші теміржодың теміржол станциясынан шыққан кезден Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелген кезге дейін 2 сағаттан кем болса алдын-ала ақпарат осындай станциядан нақты кеткен кезге дейін ұсынылады.
әуе көлігімен тасымалдаған кезде - Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына келгенше 2 сағаттан кем емес ұсынылады. Егер әуе көлігімен ұшу ұзақтығы 2 саға 30 минуттан кем болса алдын ала ақпарат әуе көлігі әуежайынан Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағының кедендік аумағына келу әуежайына әуе көліктің нақты ұшқаннан кейін 30 минуттан кем емес ұсынылу қажет.
су көлігімен тасымалдаған кезде – Еуразиялық экономикалық одағының ауамғында орналасқан бірінші портына жоспарлаған келу уақытына дейін 6 сағаттан кем емес ұсынылады. Егер көліктің Еуразиялық экономикалық одағының ауамғында орналасқан бірінші портына келгенге дейін өту уақыты 6 сағаттан кем болса алдын-ала ақпарат көліктің шығу портынан нақты кеткенге дейін ұсынылады.
Еуразиялық экономикалық одағының кедендік заңнамасымен барлық белгіленген операциялар келу орнында жасалғаннан кейін осындай тауарларды таңдаған кедендік рәсіміне орналастыру мүмкін.
Егер тауарларды кедендік процедурасына орналастырған кезде транзиттік декларацияны және оның құжаттарын рәсімнің декларанты кеден органына электронды түрде ұсынады. Сонымен қатар транзиттік декларация қағаз түрінде Еуразиялық экономикалық одағының құқығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайда берілуі мүмкін.
Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару кезінде жөнелту кеден органы тауарлардың жеткізу орнын, кедендік транзиттің мерзімін, кейбір уақытта тасымалдау бағытын белгілейді.
Белгіленген жеткізу орнына (кедендік бақылау аумағына) келгеннен кейін кедендік транзит кедендік рәсімінаяқтау үшін тасымалдаушы межелі кеден органына транзиттік декларацияны және оған құжаттарды ұсынады:
автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – олар тауарларды жеткізу орнына келген кезден бастап үш сағат ішінде, ал тауарлар кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде келген жағдайда – осы кеден органының жұмысы басталған уақыттан бастап үш сағат ішінде;
су, әуе немесе теміржол көлігін пайдалана отырып тасымалданатын тауарларға қатысты – халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесінде (графигінде) белгіленген уақыт ішінде, бірақ көлік құралы тауарларды жеткізу орнына келген кезден бастап межелі кеден органының келесі жұмыс күні аяқталған уақыттан кешіктірмей.
Кеден органы құжаттарды тіркегеннен кейін:
* Межелі кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде, транзиттік декларацияны және құжаттарды беруді тіркеген кезден бастап кеден органы жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей аяқтайды.
* декларант (тауарларды тасымалдаушы) тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен немесе кедендік рәсімдеумен байланысты кедендік операцияларды жасайды:
- автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – межелі кеден органы құжаттардың берілуін тіркегеннен кейін кеден органының жұмыс уақытының сегіз сағатынан кешіктірмей;
- су, әуе кемелері немесе теміржол көлігі пайдаланылып тасымалданатын тауарларға қатысты – халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесінде (графигінде) белгіленген, немесе Қазақстан Республикасының кедендік реттеу туралы белгіленген уақыт ішінде.
Жоғарыда көрсетілген операцияларды жасамаған жағдайда тасымалдаушы межелі кеден органы құжаттарды тіркеген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізген тауарларды уақытша сақтау бойынша кедендік операцияларды жасау міндетті.
Оларға қатысты көрсетілген операциялар белгіленген уақытта жасалмаған тауарлар кеден органымен тоқтатылады.
Тауарлар келген кезде тасымалдаушы немесе ЕАЭО КК 83-бабында көрсетлген өзе тұлға ЕАЭО КК 88 бабында көрсетілген мерзімде тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен байланысты кедендік операциялар жасайды.
Уақытша сақтауға:
ЕАЭО КК 88-бабының 6) тармағында көрсетілген;
ЕАЭО КК 5 бабыгың 2-5) тармақтарымен қарастырылған бір кедендік рәсіміне орналастырылған;
оларға қатысты алдын-ала ресімдеу жүзеге асырылған тауарлар орналастырылмайды.
Уақытша сақтауға:
оларға қатысты алдын-ала ресімдеу жүзеге асырылған;
Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен тасымалданған (тасылған) кезде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған
оларға қатысты кету орнында кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталған және ЕАЭО кедендік аумағына шығарылартын;
кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтаған кезде екінші және үшінші дәрежедегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператордың ашық алаңдарында жене (немесе) ғимараттарда ашылған кедендік бақылау аумағына жеткізілген тауарлар орналастырылмайды.
Егер тасымалдаушы (немесе мідделі тұлға) кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтаған кезінен үш сағат ішінде тауарларды кедендік ресімдеу бойынша кедендік операцияларын жасамаcа уақытша сақтауға орналастырылуы қажет.
Туарларды уақытша сақтау мерзімі 4 ай құрайды. Аталған мерзімді созу ЕАЭО КК қарастырылмаған.