Жарияланған күні: 16.11.2016 11:46
Өзгертілген күні: 16.11.2016 11:47

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылғы желтоқсан айында кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру бойынша өткізілетін емтиханының жоспарланған кестесі:

Біліктілік емтиханының өткізілетін орны

Біліктілік емтиханының өткізілетін уақыты

Біліктілік емтиханының өткізілетін күні

Алматы облысы бойынша МКД

Жансүгіров к-сі,113

10 с.00 мин.–

18 с. 30 мин.

08.12.2016 ж.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы       № 238 Бұйрығымен бекітілген, біліктілік емтихандарын өткізу бағдарламасын, тәртібін әзірлеу, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеу және бекіту, кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестатын алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеу қағидасының                             8-тармағына  және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабына сәйкес, емтихандарды өткізу орны мен уақыты аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының интернет ресурстарында айына бір реттен сирек емес жарияланады.

 

Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру бойынша өткізілетін емтихандар әр айдың екінші бейсенбісінде өткізілетін болады. Өткізілу орны: Талдықорған қ-сы, Алматы облысы бойынша МКД, Жансүгіров к-сі,113.

 

Үміткер, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына емтиханды өткізгенге дейін 3 жұмыс күні бұрын еркін нысан бойынша өтініш ұсынады. Өтінішке:

     1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
     2) кәсіби, техникалық немесе жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
     3) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр екі түрлі түсті суретін қоса береді.

 

Емтихан тапсыруға келген кезде үміткер өзімен бірге бейнежазба құрылғысына табыс етілетін жеке басын куәландыратын құжатты (паспорт не жеке куәлік) әкелуі қажет.

Емтиханға жіберілген үміткер емтиханды қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасына сәйкес тапсырады.

 

Тестілеуден өтпеген тұлға алғашқы тестілеу өту сәтінен бастап бір айдан ерте емес емтиханға жіберу туралы өтінішпен қайта жүгінеді.

 

. Бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық талаптарына емтихандарды өткізудің мынадай кезеңдері қамтылады:

1) үміткер біліктілігін және білімінің деңгейін анықтау мақсатында сұрақтарды іріктеу бойынша тестілеуден өтеді;
2) Тестілеуді өткізудің уақыты 45 минутты құрайды. Тест кездейсоқ іріктеу әдісімен бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы таңдалатын 60 сұрақтан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін бір балл есептеледі;

          3) сұрақ бір ғана дұрыс жауабы бар үш нұсқадан тұрады;
          4) тестілеудің нәтижесін есептеу (дұрыс жауаптардың саны) бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

 

Егер бағдарламалық қамсыздандырумен есептелген дұрыс жауаптардың саны 60 және одан жоғары пайызын құраса, үміткер тестілеуден өткен болып саналады.

Тестілеудің нәтижелері принтерде екі данада шығарылады және қол қою жолымен үміткерге таныстыру үшін ұсынылады, ал екінші данасы біліктілік емтиханы өткізілген кеден органында қалады.

Тест өткізілетін базадағы сервер ҚР ҚМ КБК-мен әкімшілендіріледі.

 

Тестілеу өту кезінде үміткерге анықтамалық құралдарды, арнайы және өзге әдебиеттерді, сондай-ақ қандай да бір жазбалар немесе техникалық құралдарды пайдалануға жол берілмейді.

Үміткер көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, ол тестілеуден шеттетіледі.
      Тестілеуден шеттетілген тұлға алғашқы тестілеу өту сәтінен бастап бір айдан ерте емес емтиханға жіберу туралы өтінішпен қайта жүгінеді.

 

Емтиханның өткізілетін орны, күні, уақыты, сондай-ақ тапсыратын үміткерлердің тізімі емтихан өткізілетін күнге 2 күн қалғанға дейін жарияланатын болады.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер бөлімі Кедендік кірістер басқармасының байланыс телефоны: 24-78-79.