
Кеден саласындағы тәуекелдерді бағалау жүйесі бойынша заңнамаға қандай өзгерістер енді?
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 5 қаңтардағы №407-VI Заңымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өз міндеттерін адал ниетпен орындауына ықпал ететін түзетулер енгізілген. Түзетулер 2021 жылдың 16 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
«Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары» ұғымы енгізілді.
Бизнес-қауымдастығының пікірі ескеріле отырып, құпия және құпия емес тәуекел дәрежелерінің өлшемшарттарын заң негізінде анықтау көзделген.
Құпия ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары кеден органымен бекітіледі (ҚР ҚМ МКК Төрағасы бұйрығымен).
Құпия емес ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары уәкілетті органмен бекітіледі (ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен).
Толық ақпарат www.kgd.gov.kz порталында.